АТЫРАУДАСАРАПТАМА

100 МЕДБИКЕНІҢ ҚАТЕРЛІ ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ЖАЛҒАН БОЛЫП ШЫҚТЫ

«Денсаулық сақтау басқармасы  облыстық аурухананың қызметкері Covid-19 жұқтырған  деген мәліметті  растамады», – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған басқарманың  хабарлауынша, әлеуметтік желілерде таралған  «Қызылқоға ауданының тұрғыны  – 100 адамның инфекция жұқтыруына себепші болды, оның ішінде  медицина қызметкерлері  мен емделушілер бар» деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

–  Облыстық ауруханада 28 жасар әйелмен байланысқан тек 27 адам бар. Оның ішінде медбике мен пациент қана  COVID-19 жұқтырған. Ал, қалған емделушілер мен қызметкерлер, яғни 25 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды, – деп нақтылады Атырау облысы  Денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушы – ҚР ҚК-нің 274-бабы «Жалған ақпарат тарату» бойынша жазаланатын болады.  Оған 5000 АЕК көлемінде айыппұл,  не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button