Атырауда бір тәулікте 120 адам Covid-19 жұқтырған

by Depti
0 views

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 120 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 80 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 1 жағдай, Индер ауданында – 1 науқас анықталған, Исатай ауданында – 2, Қызылқоға ауданында  – 9, Құрманғазы ауданында – 10, Мақат ауданында – 1, Махамбет ауданында – 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 62 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 58 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 601 адам емделді.

Қазір 6 083 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 175, екінші облыстық ауруханада – 140 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 65, кардиоорталықта – 56, т/ж ауруханасында – 39 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 12, жатақханада – 74,
аудандық инфекциялық стационарларда – 214. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 214 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com