Әлемде

АЛСУ: «ИӘ, ДАУЫСТАРДЫ САТЫП АЛҒАНЫМДЫ МОЙЫНДАЙМЫН…»

Әнші Ксения Собчакқа берген сұхбатында «Голос. Дети» шоуындағы дауыс беру жүйесіне қатысты пікір білдірді. Ол дауыстарды сатып алғанын мойындады.

«Иә, дауыстарды сатып алғанымды мойындаймын. Мен Бірінші арна рұқсат берген дауысты сатып алдым. Барлығы да дауысты сатып алды. Ақша бермей, дауыс беру мүмкін емес. Бұл туралы Нагиев те үнемі айтатын. Мен өзім 40 SMS сатып алдым, екі телефоным бар» – depti ол сұхбатында.

Еске салайық, 26 сәуірде оралдық 11 жастағы Ержан Максимнің «Голос. Дети» байқауында 2-орын иеленгені хабарланған болатын. Ол 27,9 пайыз дауыс жинаған еді. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда байқау нәтижесі желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button