Әлемде

КОРОНОВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ТАБЫЛДЫ

Гонконг қаласының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты. Бұл туралы South China Morning Post қытайлық басылым хабарлады

«Біз вирусқа қарсы вакцина ойлап таптық, бірақ оны сынамадан өткізу үшін біраз уақыт керек» – depti Гонконг университетінің профессоры Юэн Квок-Юнг.

Профессордың сөзінше, жануарларға жүргізілетін сынама бірнеше айға, ал адамдарға жүргізілетін клиникалық сынама үшін бір жылдай уақыт керек.  Ғалымдар коронавирустың неден жұғатынын атады. Қатерлі аурудан 80 адам қаза тапқан. Басылым мәліметінше, ғалымдар тұмауға қарсы вакцинаны коронавирустың беткі антигенін қосып түрлендірген. 

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. 

Мамандар Ухань қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. 

«Синхуа» агенттігінің мәліметінше, қытайлық зерттеушілер коронавирусты зерттеудің алғашқы қорытындысын жариялаған.

2019-nCoV электрон микросуреттері жария етілген. Қатерлі вирусты жұқтыру жағдайлары Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінде тіркелген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button