АТЫРАУДА

1 қараша күні Атырауда 10 адам миллионер атанады

«Атырауда «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!» ұтысының финалдық кезеңі өтеді» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

​«Күні бүгінге дейін Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында 30 миллион теңгенің қаржылай сертификаттары тапсырылды. Енді, 1 қараша күні Атырауда «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!» ұтысы қорытындыланып, 10 миллион теңге коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ойнатылады. Ұтысқа 1 ақпаннан бастап, вакцина алған тұрғындар автоматты түрде қатысады. Жеңімпаздар «Каспиан ньюс» арнасының тікелей эфирінде кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады. Вакцина – пандемияны жеңіп, қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы» дейді ұтысты ұйымдастырып отырған Атырау облыстық Азаматтық альянсы өкілдері.

Осылайша, 1 миллион теңгеден 10 адам жеңімпаз атанады.

Еске сала кетелік, ​ «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!» ​ ұтыс ойыны басталғалы Атырауда 90 адам 200 мың, 6 адам 1 миллион,

2 адам 3 миллион теңгеден ақшалай сертификат ұтып алған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button