АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

11 виски ұрлаған атыраулық 12-сінде қолға түсті (+ВИДЕО)

2 қараша күні сағат 21:00 шамасында Алмагүл мөлтек ауданында орналасқан супермаркеттердің бірінің ішінен 1988 ж.т., қала тұрғыны бір дана виски ішімдігін жасырын түрде ұрлап кеткен.

Тексеріс барысында аталған азаматтың осы уақытқа дейін де әр түрлі супермаркеттерден 11 виски ішімдігін ұрлағандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 187-бабының 2-бөлігімен (Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button