АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

АТЫРАУДА КӨЛІК ӨРТЕНІП КЕТТІ (+видео)

2 маусым күні сағат 17.05-те Х.Ерғалиев ауылы тұсындағы Атырау-Астрахан тасжолының 668-шақырымында автокөлік жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті, depti Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

ВИДЕО:

https://www.youtube.com/shorts/3tVj_gZ7Pb0

Шақырту орнына жеткенде, «ДАФ» маркалы жүк автокөлігі тіркемесімен бірге жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 18.15-те сөндірілді.

ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Атап айтқанда, уақытылы техникалық қызмет көрсетілуі тиіс, автокөлікте әрдайым өрт сөндіргіш болуы керек, мотор бөлігінде (шүберек, картон және т.б.) тез тұтанатын заттарды ұстамау керек. Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне хабарлау қажет.

Әділет ҚАНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button