АТЫРАУДА

2021 ЖЫЛЫ ИНДЕР-ҚАРАБАУ ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Жалпы ұзындығы 317 шақырым «Индер – Қарабау- Миялы-Сағыз» автомобиль жолы 

өнеркәсіптік және ауыл шаруашылықтық аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар жол. Бұл туралы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК бас директоры З. Сагинов айтты.

– «Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» автомобиль жолында орналасқан 87 шақырымды құрайтын «Индер – Қарабау» аралығын қайта жаңғыртуға ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2019 жылға республикалық бюджет есебінен 1 546,1 млн. теңге бөлініп, 2020 жылы республикалық бюджет есебінен жұмысты жалғастыруға 2 000,0 млн. теңге бөлінді. Келесі 2021 жыл соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлауда», – деді «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК бас директоры.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button