АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 22 ЖАСТАҒЫ АЗАМАТ КАРАНТИННЕН ҚАШЫП КЕТКЕН

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен яғни төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау бабы бойынша іс қозғалды.
«Литвадан келген Қазақстан Республикасының азаматы С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, азамат С. төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік органмен белгіленген карантин режимін бұзып, 2020 жылы 18 наурызда, түнде сағат 03.00 шамасында Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің екінші қабатының терезесінен секіріп, қашып кеткен» – depti Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот қаулысымен құқық бұзушы С.-ға ескерту түріндегі жаза қолданылды. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі уақытта құқық бұзушы С. Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде стационарлық жағдайда дәрігерлердің бақылауында.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button