АТЫРАУДА

АТЫРАУДА «COVID19OUT» ЧЕЛЛЕНДЖІ ПАЙДА БОЛДЫ

Бұл челленджді бастаған атыраулық дәрігерлер. Олар сақтық шараларын негізге алып, ақ парақта төмендегідей жазба көрсетуде: «Мен сіз үшін жұмыста қалдым. Сіз мен үшін үйде болыңыз» – depti.
Челленджді қолдап, бастаманы жалғастырған журналистер қауымы: «Біз мәселенің мән-жайын біліп, шынайы ақпарат тарату үшін жұмысқа шықтық! Сіз әлеуметтік желідегі арандатушы хабарламаларға сенбей, тек ресми БАҚ өкілдерінің ақпаратын тыңдап, үйде отырыңыз»- деген жазбаны көрсетті.
Осылайша дәрігерлер мен БАҚ өкілдері халықтың денсаулығын ойлап, қауіпті індеттің таралуын тежеп, тек қана ресми ақпараттарға сенуін өтінді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button