АТЫРАУДАҚазақстанда

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ УАҚЫТЫ ҚЫСҚАРДЫ

Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін қызметтер саны қысқартылып, азаматтар онлайн түрінде ұсынылмайтын қызметтерді ғана ала алады. Еліміздегі барлық ХҚКО сағат 09:00-17:00 аралығында жұмыс істейтін болады. Бұл  коронавирустың  таралуын алдын алу мақсатындағы шаралар.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған және электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды «eGov Mobile»  мобильді қосымшасы және телеграмдағы бот арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда,  азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адам көп шоғырланатындықтан,  қатты қажеттілік тумаса бармауға кеңес береміз», – depti ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button