АТЫРАУДА

«BAIZAAR» СОСО КӨПРЕТТІК БЕТПЕРДЕЛЕР САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ

 «Baizaar» сауда орталығында 19.03.2020 күні  сағат 14:00-де волонтерлар мен ерікті тігіншілер тіккен бетперделер сатылымға шығады. Сатылымдағы бағасы 200 теңгені құрайды.

«Тігілген бетперделердің 10 пайызы әлеуметтік осал топтарға, аз қамтылған отбасыларға тегін таратылады. Жалпы бетперделерді ағымдағы жылдың 15 сәуіріне дейін сатуды жоспарлап отырмыз.  Жеңіл матадан тігілген, жуып бірнеше мәрте пайдалануға болады» – depti Азаматтық орталық КММ-сінің директоры Әйгерім Досқалиева.

Соңғы мәлімет бойынша, сатылымға шыққаннан кейін жарты сағат ішінде 532 бетперде сатылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button