АТЫРАУДА

“41 fm” радиосынан сөйлеп тұрмыз! (+ФОТО)

ӨҢІРДЕГІ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ №41 МЕКТЕП-ГИМНАЗИСЫНДА 41 fm РАДИО ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

Мектепішілік радио орталыққа облысқа белгілі қаламгер, филология ғылымдарының докторы, профессор, Атырау облысының құрметті азаматы, Қадыр Жүсіптің аты берілді. Жаңа радио торап мектеп аумағын толық қамтиды. Жаңа жобаның нәтижесінде балалар уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылық қабілетін шыңдайды. Сөздік қорын молайтып, эфир тізгінінде өздерін кәдімгі дикторлердей сезініп, мектеп ішіне хабар таратады.

img 20220226 wa0078 1

Студиядың бір ерекшелігі – оқушылар  дауыс жазуға арналған бұрышты керексіз болып қалған  жұмыртқа сақтайтын қораптардан жасаған. Осылайша, олар қалдықтарды кәдеге жаратқан. Оқушылар алдағы уақытта түрлі танымдық әрі сазды бағдарламалар жасауды ойлап отыр.

Қайырғали АЗИЛОВ, №41 мектеп-гимназиясының директоры: 

«Оқушылардың білімі бірінші орында. Бірақ, олардың шығармашылық қарым-қабілетін жаңа деңгейге көтеру – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Жаңадан ашылған мектеп болғасын, үйірмелердің көп болғаны жақсы. Бізге оқушылардың  ортаға тез сіңіп, бір-бірімен тату болғаны маңызды. Мектепте «Жас тілші» үйірмесінен бөек, гитара үйрену, «Жас тігінші», дебат сияқты өзге де үйірмелер бар. Алдағы уақытта домбыра үйірмесін ашуды жоспарлап отырмыз»

img 20220226 wa0072

Қанат қақты бастама биылғы оқу жылында ашылған  «Жас тілші» үйірмесінің негізінде жүзеге асты. Үйірмеге журналист   Жандос Темірғали жетекшілік етеді. Бүгінде 25 оқушы тұрақты қатысады.

«Арманым журналист болу. Радио орталықтың мектебімізде ашылуы – арманыма қарай бір қадам жақындау деп білемін. Енді бос уақытымда осында келіп, сүйікті ісіммен айналысамын. Достарыммен бірге жаңа радио бағдарламалар ойластырып жатырмыз» дейді, 8 сынып оқушысы Назерке БОРАНҚҰЛ.

Қадір Жүсіп радио орталықтың ашылу салтанатына өзі арнайы келіп, 41 fm-нің алғашқы қонағы болды. Оқушыларға сәттілік тілеп, батасын берді.

img 20220226 wa0074
img 20220226 wa0076

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button