АТЫРАУДА

ЖЫЛЫОЙЛЫҚ ЖАСТАР МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНҒА БАСПАНА САЛУДА

Құлсары қаласының еріктілері игілікті іс атқаруда. Олар құлсарылық Бақтыгүл Сейтқалиеваға жайлы үй салып беруді қолға алған. Бүгінде ерікті жастар мүмкіндігі шектеулі жанның ескі үйін сүріп, жаңа баспананың бастапқы құрылысына кіріскен.

Ұйымдастырушылар игілікті істің алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтады.

Орын алған төтенше жағдайға қарамастан қол ұшын созып, қолдау білдірген баршаңызға алғысымыз шексіз екенін жеткіземіз. Жасап жатқан жұмыстарыңыз сауапты болсын! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші өздеріңіз білетіндей, қазіргі кезде бір шаңырақты көтеру үшін қорда жиналған 3 млн. теңге қаржы жеткіліксіз болады. Сондықтан, тағы да көмек сұрай отырып, бәріңізді Бақытгүл анамыз бен балаларына үй салып беру үшін игі істі бірге атқаруға шақырамыз. Біз біргеміз, – дейді бейне үндеу жолдаған, қайырымдылық жұмысты ұйымдастырушы Диас Ибатаев.

Айта кетейік, ерікті жастардың Instagram әлеуметтік желісінде @zhylyoi_qairymdylyq аталатын парақшасы бар. Кез-келген тұрғын сол парақшаға тіркеліп, көрсетілген анықтамалар бойынша қайырымдылық шараларына үлес қоса алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button