АТЫРАУДА

А.МАМИН: БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМДЫ САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЖАТҚЫЗУ КЕРЕК

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары барысында  Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Үкімет басы алдымен бекіре балық өсіру зауыты мен өңірдегі басқа да бірқатар салалық кәсіпорындарды аралап, сондай-ақ Қазақстанның балық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесін көрді.

«Бір ай ішінде Каспий теңізінде және Жайық өзенінде балық аулау мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ түнгі уақытта балық аулауға рұқсат ету бойынша ұсыныстарды әзірлеу қажет. Балық шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын арттыру және балық шаруашылығын экономиканың басымды салаларының қатарына жатқызу керек» — depti А. Мамин.

Үкімет басшысы балық шаруашылығы мелиорациясын тұрақты жүргізу мақсатында су түбін тереңдету техникасын сатып алу мәселесін қарастыруды, сондай-ақ балық өсіру зауыттары мен балық шаруашылығының аумақтық инспекцияларын материалдық-техникалық жарақтандыруды қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button