АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 19-ДАҒЫ ҚЫЗ «АЛМАГҮЛДІҢ» 16 ҚАБАТЫНАН СЕКІРІП КЕТТІ

Атырауда 19 жастағы бойжеткен көп қабатты үйдің 16-қабатынан секіріп кетті.

Бұл туралы “Ақ жайық” мәлім етті. Марқұм қаланың Алмагүл шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінен секіріп, суицид жасаған.

Марқұм қыз Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті болған. Университет студенттің жақсы оқығанын, белсенді болғанын, қоғамдық шараларға қатысып жүргенін хабарлады.

Белгілі болғандай, бір ай бұрын қыз өзін-өзі өлтіруге тырысқан. Ол кезде қыз ғимараттардың бірінің жоғарғы қабатынан секіруді көздеген. Бірақ ол кезде жағдайды күзет байқап, аман алып қалған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button