Аймақ басшысы «Халық банктің» басқарма төрағасымен кездесті

by Depti
0 views

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Халық банктің» басқарма төрағасы Үміт Шаяхметовамен жұмыс бабымен кездесті»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Кездесуге сондай-ақ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Атырау филиалының директоры Жанна Майкопова​ қатысты.​

Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов өңірдің экономикалық әлеуеті, мұнда жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар туралы айтып, экономикалық жағдайға қаржы нарықтарындағы үрдістер де айтарлықтай әсер ететінін атап өтті. 

Үміт Шаяхметова “Халық банкінің” мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, халық пен кәсіпкерлер үшін сервисті жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Сондай-ақ банк қайырымдылық мәселесі басты назарда екенін атап өтті. 

Оның айтуынша, Атырау банк үшін маңызды өңір болып табылады және ол мұнда өз жұмысын белсенді түрде жалғастырады.

Айта кетейік, облыс бойынша «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның 20 бөлімшесі, 270 банкоматы қызмет көрсетуде.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com