АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ СОТТАРЫНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ТӘРТІБІ БЕКІТІЛДІ

Бұл туралы Атырау облыстық соты хабарлады.

Атырау облыстық соты COVID-19 жаңа коронавирусының пандемиялық сипат алуына орай Мемлекет басшысының республикада төтенше жағдай енгізуіне байланысты бірқатар шараларды қабылдады. Атап айтсақ:

1.Енді процестік мерзімдері бар сот істерін қарау кейінге шегерілді.

2.Сот процестерін ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан жүргізу ұсынылады.

3. Рұқсат етудің қысқартылған мерзімдеріне (тергеу соттары, жеделдетілген бұйрықтық, келісілген іс жүргізудегі және т.б. істер) байланысты қылмыстық істер мен материалдарды, үкімдерді орындау тәртібіндегі, сондай-ақ адамдарды ұстаумен немесе қамаққа алумен байланысты істерді қарауды жоғарыда аталған ұсынымдарды ескере отырып, барынша оқшауланған және процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігі жағдайында жүзеге асыру ұсынылады.

4. Облыстың барлық соттарында азаматтарды жеке қабылдау төтенше жағдай аяқталғанға дейін тоқтатылады.

5. Семинарлар, конференциялар, жұмыс отырыстарын өткізу, сондай-ақ сот ғимараттарынан тыс жерлерде өтетін іс-шараларға судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуы тоқтатылады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button