АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 184 АДАМҒА ЖЕТТІ

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Штабтың мәліметінше, бес науқастың барлығы – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 1988, 1996, 1994, 1997 және 1996 жылғы ер адамдар.

Олар Covid-19 анықталғанға дейін бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқан. Жұмысшылардан сынама алынып, нәтижесінде Covid-19 бар екендігі расталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған.
Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша, Атырау облысында 184 адамда COVID-19 індеті анықталды. Оның ішінде 120 адам – Теңіз кенішіндегі жұмысшылар. Ал, 72 адам коронавирустан сауығып шықты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button