АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ЖҰҚТЫРҒАН ЖЕТПІСІНШІ АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ?

Дәрігерлер коронавирустық инфекцияның өңірдегі ахуалы туралы баяндады, – деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Атырауда коронавирус жұқтырудың 70-інші оқиғасы бүгін таңертең тіркелген болатын. 42 жастағы жергілікті тұрғын бұрын Covid-19 дертіне шалдыққан адаммен байланыста болған. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды, жағдайы қалыпты. Оған хаттамаға сәйкес ем шаралары жүргізілуде. Осылайша, Атырау облысында вирус жұқтырғандар саны 70 адамға жетті, ал 12 адам дерттен айығып шықты.

Қазіргі уақыт бойыша инфекциялық стационарда – 58, провизорлық стационарда – 17, карантиндік стационарда – 406 адам бар. Сондай-ақ, үй карантиніне 819 адам жатқызылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button