Атыраулық балуан самбодан Татарстан Президенті кубогының иегері атанды

by Depti
0 views

Атыраулық балуан самбодан Татарстан Президенті кубогының жеңімпазы атанды.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2-3 қазанда РФ Қазан қаласында самбо күресінен «А» санатындағы халықаралық турнир өткен.

«Бұл халықаралық додада балуандар самбодан Татарстан Президентінің Кубогы үшін бақ сынады. Биыл турнирге 16 елден 200-ден астам спортшы қатысты. Оның ішінде Атырау облысынан сынға түскен самбошылар 1 алтын, 3 күміс жүлдеге ие болды. Мәселен, спорттық самбодан 58 келіде күрескен Қайырберді Айдынбай Татарстан Президенті кубогының иегері атанды. Ал, Парасат Жұмабай 64 келіде күміс жүлдеге ие болды. Сондай- ақ, аталған додада жауынгерлік самбодан Еркебұлан Қуанғалиев (58 келі) пен Айбек Әбділов (64 келі) ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдені еншіледі», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com