АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНОВИРУС ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАҒАН

«Әлемдік деңгейде кеңінен таралған Коронавирус індеті ауданға да келіпті. Германияда оқитын жергілікті азамат ауылға демалысқа келген, студенттен осы індеттің белгілері бар екен, сондықтанда ол Индер ауданындағы жұқпалы ауруларды емдейтін бөлімшесіне түскен көрінеді» деген ақпарат әлеуметтік желіде жарияланғалы дендерлік жұрттан маза қашқан.

 «Германиядан келген студент біздің ауруханада оқшаулау палатасында жатыр, бірақ одан коронавирус анықталған жоқ.  Оқшаулау уақыты аяқталғаннан кейін ол үйіне жіберіледі. Сондықтан әлеуметтік желіде тараған ақпарат жалған. Ал оны таратқан адамды анықтау үшін құқық қорғау органына шағым түсіреміз» – depti  Атырау Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек,  ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев короновирус  туралы жалған ақпарат таратқан тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы телевизиялық үндеуінде айтқан болатын.  

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button