АТЫРАУДА

«АУЛАДА БАЛАЛАР ОЙНАП ЖҮРГЕНІ ҮШІН АТА-АНАҒА АЙППҰЛ САЛЫНҒАН»: ПД ЖАУАП БЕРДІ

Желіде атыраулық балалар  аулада ойнап жүргені үшін полиция қызметкерлері  айыппұл парағын толтырып жатқан фотосурет тарады.

«Бұл Атырау облысындағы оқиға емес. Біздің өңірдегі  полиция автокөліктерінен айырмашылығы көп» – депті Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, оқиға Талдықорған қаласында орын алған.  Аулада ойнап жүрген баласын таба алмай қалған ата-ана полиция қызметкерлерін шақырған.  Фотосурет 17 наурызда түсіріліп, жоғалған бала көп ұзамай 7-ші ықшамауданнан табылды. Ойынның қызығына түсіп кеткен бала, үйінен алыстап кеткенін байқамай қалған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button