АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛТЫНШЫ ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ

“Алматы-Атырау” рейсінің жолаушысынан короновирустық инфекция расталды.

«Бүгін, 29 наурызда Атырау облысында короновирустық инфекцияның алтыншы жағдайы анықталды. Індет жұқтырған науқас  17 наурызда Алматы қаласының рейсінен түскен.  Сондай-ақ, оның  20 жастағы студент екендігі белгілі болды.  Студент жігіт карантинге оқшауланып, екінші Облыстық ауруханаға жатқызылды» – depti ӨКҚ.

Бұған дейін Атырау облысында коронавирустық инфекцияның бес жағдайы тіркелген болатын. Қазіргі уақытта барлық науқастар екінші облыстық ауруханада емделуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button