АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ҚОСЫМША ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

Атырау облысының  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Есімбаев  Мейіржан Атыбарұлы  карантинге жабылған өңіріміздегі бірқатар шектеулерге байланысты қаулі шығарды.

ҚАУЛЫ

29  наурыз 2020 жыл                                                           Атырау  қаласы

Мен, Атырау облысының  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Есімбаев  Мейіржан Атыбарұлы,  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы  13-тармағының 4 тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше комиссия режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 26 наурыздағы №6 шешіміне,  ММ «Атырау облысы  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті туралы» №3771-1995-01 Ережеге сәйкес, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

                                                             2020 жылғы 30 наурыз сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы  15 сәуір 07.00-ге дейін Атырау қаласында карантин және Атырау облысы аумағында келесі шектеу шаралары енгізілсін:

                                                             1. Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтау, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында (бұдан әрі – COVID-19):

                                                             1) Атырау қаласына кіруге және одан шығуға тыйым салынады (тұрақты тұру орындарына кіруге және шығуға 02.04.2020 жылы сағат 00-00 дейін рұқсат беріледі);

                                                             2) аудан тұрғындарына облыстар, аудандар және Атырау қаласы арасында жүруге тыйым салынады;

                                                             3) облыстар және аудандар арасында ресми және ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылардың жолаушылар тасымалын жасауға тыйым салынады;

                                                             4) барлық автовокзалдардың, автостанциялардың  жұмысы тоқтатылсын;

                                                             5) 2020 жылғы 1 сәуірден бастап теміржолдағы аймақаралық жолаушылар қатынасы тоқтатылсын;

                                                             6) үкіметтік  рейстер мен төтенше жағдай жөніндегі Атырау өңірлік комиссиясының төрағасымен келісілген рейстерден басқа, Атырау халықаралық әуежайының барлық рейстерін тоқтатсын;

                                                             7) мыналарды қоспағанда, тұрғылықты жерлерден шығуға тыйым салынсын:

– азық-түлік, қажетті заттар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;

– жұмысқа бару;

– медициналық көмекке жүгіну;

8) 65 жастан  асқан қала тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын;

9) тұратын жерінен тыс жерде жүрген кезде маска тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолға жағуға арналған тері антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;

10) балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 500 метрден аспайтын және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын радиуста жүзеге асырсын;

11) азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханалар мен қажетті тауарлар сатуды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарлар қызметін тоқтатсын;

12) азық-түлікке жатпайтын сауда орталықтарының, жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік сататын салондардың, авто бөлшектерді сату салондарының, гүл павильондарының, химиялық тазалау, кір жуатын орындардың, фотоателье, фотосалондардың, оптика, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, көлік жуу орындарының, техникалық  қызмет көрсету станциялары, моншалар, сауналар, фитнес клубтар, тренажерлер, спорт кешендері, бассейндер, сұлулық салондары, спа-орталықтар, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдары, зоопарк, мұз айдыны, көрмелер және осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары қызметін тоқтатсын;

13) мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына тек 10.00-ден 20-00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидаты бойынша рұқсат берілсін;

14) меншік түріне қарамастан балабақшалардың қызметі тоқтатылсын;

15) қоғамдық көліктің жұмысын 6:00-ден 19:00-ге дейін шектелсін.

Айта кету керек, елімізде қауіпті індетті 293 науқас жұқтырған. Емделіп шыққаны 20 адам.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button