АТЫРАУДА

АТЫРАУДА 72 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Бүгін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «Береке» ықшам ауданындағы 9 қабатты үйден 72 отбасыға кілт тапсырылды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйлерді көпбалалы аналар өз кезектерімен алуда.

«20 жыл бойы балаларымызбен әр түрлі жерде тұрып келдік. Үй алып жатырғанымызға қуаныштымыз», – дейді Есениязова Жанар.

Қалалық ТКШ бөлімі тұрғын-үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиевтің айтуынша, алдағы уақытта тағы да төрт тұрғын үй халық игілігіне беріледі деп күтілуде.

«Сонымен қатар, наурыз айынан бастап «Бақытты отбасы» аймақтық бағдарламасы іске қосу жоспарда бар. Аталған шаралар іске асса, баспанаға мұқтаж отбасылардың тұрғын үй мәселелері кезек ретіне қарай шешімін табады», – деді қалалық ТКШ бөлімі тұрғын-үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Бір Пікір

  1. саламатсызба ал жалгыз басты анага кандай комек бар екен осы тургын уй тиисилдима ?

Back to top button