ШҰҒЫЛ! Атырауда жолаушылар автобусын айдап кетті… (+ВИДЕО)

34683aadb454be51cc15456567e24e39

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

17 қарашада таңғы сағат 8-де «102» операторына тұрақталған автобустың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Полиция қызметкерлері 42 жастағы жәбірленушіден түскен хабарлама бойынша бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Сыртқы бақылау камераларының көмегімен Атырау қ. ПБ жедел басқару орталығының қызметкерлері ұрланған автобусты тапты», – делінген полиция хабарламасында. . Сондай-ақ, ведомствода бұзушы Ақмола облысының 30 жастағы тұрғыны екенін хабарлады.

— Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 200 – бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп толықтырды полицияның баспасөз қызметі.

https://youtube.com/shorts/5ml5bFKTJN0?feature=share

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: