АТЫРАУДА

АТЫРАУДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНАН 2 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ АЙЫҒЫП ШЫҚТЫ

«Осылайша, аймақта коронавирус инфекциясын жеңіп шыққандар саны 23 адамға жетті», – деп хабарлайды Атырау облысында​ Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.​

Сауығып шыққандар облыстық аурухананың 1973, 1984 жылғы​ екі қызметкері. Оларды 20​ сәуір күні ауруханадан шығарды.​

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда инфекциондық стационарда​ 57 науқас коронавирус инфекциясы диагнозымен емделіп жатыр.​

Атыраудағы және жеті аудандағы провизорлық стационарда 16 адам жатыр. Карантиндік стационарда 439 адам бар. Үй карантиніне 2106 жергілікті​ ​ тұрғын оқшауланды.

Инфекциондық стационарда жатқан екі науқастың жағдайы ауыр. Олардың бірі ер адам, екіншісі жүкті әйел адам.​

Сонымен бірге, бұған дейін жағдайы ауыр болған 82 жастағы ақсақалдың денсаулығы оңалып келеді. Ол реанимация бөлімінен стационарға ауыстырылды. Жағдайы тұрақты. Ақсақал бір апта бұрын жасанды демалу аппаратынан ажыратылды.​

Осылайша, Атырауда қатерлі індетті жеңіп шыққандар саны 23 адамға жетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button