АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ДІНИ БІРЛЕСТІК ТЖ РЕЖИМІН БҰЗҒАН

Атырау облыстық дін істері басқармасы күнделікті діни бірлестіктерге мониторинг жүргізеді. Кезекті тексерістерінің бірінде ТЖ режимін бұзу дерегі анықталған.

«ҚР Президенті ТЖ режимін енгізгеніне қарамастан, 22 наурыз күні діни бірлестіктердің бірінде 31  келушінің қатысуымен  шіркеуде ғибадат еткен.  Жергілікті полиция қызметкерлері жедел түрде әкімшілік құқық бұзушылық ҚР ӘК 476 бабы бойынша хаттама толтырды.  Әкімшілік соттың шешімімен «Церковь Евангельских Христиан Баптистов Преображение» діни бірлестігі 10АЕК түріндегі айыппұл яғни 26 мың теңге төлеуге міндеттелді.  Мониторнг жүргізу жалғасады.  Өңіріміздегі діни бірлестіктер мен  ұйымдардың өкілдеріне ТЖ режимінің тәртібін  сақтау керектігін ескертеміз» – depti Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Кушкалиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button