АТЫРАУДА ЕКІ АСПАЗШЫ ҚОЛҒАП ПЕН БЕТПЕРДЕ КИМЕГЕНІ ҮШІН АЙЫПТАЛДЫ

by Depti
0 views

Төтенше жағдайдың жариялануына қарамастан, 2020 жылы 4 сәуірде Атырау қаласындағы асхананың аспазшылары асхананың ішінде бетпердесіз және қолғапсыз жүрген.

“Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, асхананың ішінде тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде бетперде мен қолғапты шешіп тастағандарын айтты”, – деп хабарлайды Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен құқық бұзушыларға 26 510 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com