АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЕМХАНА КҮЗЕТШІСІМЕН ТӨБЕЛЕСКЕН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ (ВИДЕО)

Жақында әлеуметтік желіде Вокзал ықшам ауданындағы ер адам мен күзетшінің арасындағы төбелестің видеосы тараған болатын.

Видеодан байқағанымыздай, ер адам күзетшімен төбелескенін көрген әйелдер оларды ажыратқысы келіп, полиция шақыруын өтінген.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің айтуынша, оқиға 21 ақпан күні Баймұханов көшесінде болған.

«1989 жылғы ер адам 1997 жылғы азаматшаның сөмкесін ұрлағысы келеді. Алайда, емхана күзетшісінің арқасында ол ойы іске аспады. Бұл адамға қатысты қылмыстық кодекстің 191 бабының 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүруде», – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button