АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ФРОНТ-КЕҢЕСКЕ 3 МЫҢ ТҰРҒЫН КЕЛДІ

Атырау облысында полицияның фронт-кеңселеріне 3 мың адам қабылдауға келді.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы өңірде Ішкі істер министрлігі белгілеген стандарттар бойынша фронт-кеңселер ашылды. Оның 3-еуі облыс орталығында, қалғаны аудандарда орналасқан.

«Фронт-кеңселерде полиция қызметкерлері азаматтарға білікті кеңестер беріп қана қоймай, әр түрлі құқықтық және құқықбұзушылық сұрақтары талқыланып, уақытында оларды шешуге шаралар қабылданады», – дейді ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ә.Байдосов.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында 11 фронд-кеңсе бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button