АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ТҰРҒЫН ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНА АҚША ӨТКІЗГІСІ КЕЛГЕН

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, УГ-157/1 мекемесінде тергеу изоляторына ақша кіргізгісі келген азаматтың әрекеті әшкере болды.

Уақытша тергеу изоляторындағы ұсталғандардың біріне тамақ пен киімнің арасынан 45 мың теңге табылған.

«Азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес хаттама жасалып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», – деді УГ-157/1 режим және күзет бөлімінің басшысы Даулет Рахметов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button