АТЫРАУДА

АТЫРАУҒА БИЫЛ ҚАНДАЙ ШЫРША ҚОЙЫЛУДА?

Бюджет қаржысын үнемдегісі келген қала билігі екінші жыл қатарынан жаңа жылдық безендіруге ақша жұмсамай отыр. 

Мұнайлы астананы ақша көп болған жылдары алынған мерекелік заттармен әрлемек.

Мерекелік шараларға кететін шығындарды азайту үрдісі бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Үш жыл қатарынан қаланың басты алаңында «погонды шырша» аталып кеткен шырша тұрды. 2018 жылы ол Батыс Қазақстанның ең әдемі шыршасы болып танылды. Екінші орынды Оралдың шыршасы иеленсе, Ақтөбе мен Ақтаудың шыршалары үшінші орынға жайғасқан болатын.

2019 жылы Атырауды жаңа жылға дайындау үшін бюджеттен 61 млн, 2020 жылы 18 млн теңге бөлінді. Былтыр тіпті бір тиын да шығарылмады. Бірақ қалаға Германиядан әкелінген  9 метрлік тірі шырша егілді, алайда демеушілердің қаржысына алынған шыршамыз біздің климатқа үйлесе алмады.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы хабарлағандай, Исатай мен Махамбет алаңында былтыр қойылған жасанды шырша орнатылады.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

«Ақ Жайық»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button