АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ГАЗ-ХИМИЯ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін, Атырау мұнай және газ университетінде  «Газ мұнай-химия саласының мамандары» тақырыбында  келелі жиын өтті.

Жиынға Қазақстан және жақын шетел жоғары оқу орындары мен коллеждерден келген 200-ге жуық  өкіл қатысты.  Жиынның басты мақсаты-Қазақстанның газ мұнай-химиялық саласы бойынша мамандарды тұрақты дайындау процесін дамыту. Өзбекстан еліннен өндірістік тәжірибеден өтіп келген КРІ компаниясында жұмыс атқаратын Әлихан Изимов.

«Өзбекстан елінде газ-химиялық зауыты бар. Сол елге барып біздер тәжірибемен алмасып, білімімізді арттырып келдік. Өзбекстан елінде   газ-химиялық зауыты  5-6 жыл көлімінде жұмыс жасап келеді. Біздің сол жақтан алып келген тәжірибеміз елімізде осы сала бойынша  еңбек етуге өз үлесін қосады деп ойлаймын» – depti  Әлихан Изимов. 

Қазіргі таңда қызметкерлер Атырау МӨЗ-де тәжірибеден өтіп жатыр. жұмысқа қабылданған  мамандардың 95%-ы жастар.

Шара соңында КРІ мен Шуртан ГХК (Өзбекстан) арасында, КРІ мен Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті арасында стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті және КРІ арасында оқу орталығын құру туралы келісімге қол қойылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button