Қазақстанда

МАМАНДАР БАЛАЛАРҒА ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС ТУРАЛЫ ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАН БАСТАП АЙТУДЫ ҰСЫНДЫ

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар жылына мыңға жуық аборт жасайды. Осы статистикаға байланысты мамандар балаларға төменгі сыныптан бастап секс туралы айтуды ұсынды, – depti  Matrica.kz порталы,  «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Акушер-гинеколог Галина Гребенникованың айтуынша, 15 жаста аяғы ауыр болған бойжеткеннің қайтыс болу қаупі ересектерге қарағанда 20 есе көп.

«Сегізінші сыныптағы анатомия деңгейінде емес, ертерек, үшінші-төртінші сыныптан бастау керек. Оны тәжірибелі педагог жүргізуі қажет. Бұл тақырып жабық күйінде қалмауы керек. Жабық тақырып қара базармен тең. Бұл «Секс жоқ» дегенмен бірдей. Ол қалай жоқ? Ол тамақ ішу, ұйықтау, өмір сүрумен бір қатарда тұр. Осылай түсіндіру керек», – depti Қазақстан репродуктив медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button