АТЫРАУДА

Атырауда картоп 80, пияз 70, сәбіз 85 теңгемен сатылды

Осындай бағамен Атырауда «Мұнайшы» спорт кешенінің маңында өткен жергілікті өнім өндірушілер мен көтерме саудамен айналысушы кәсіпкерлердің қатысуымен  жәрмеңкеде қала тұрғындарына 19 тонна өнім сатылды.

whatsapp image 2020 02 03 at 09.27.06

– «Барлығы 14 кәсіпкер келіп өз өнімдерін ұсынуда. Картоп 80, пияз 70, сәбізді 85 теңгеден саудалануда, қала тұрғындары өз ризашылықтарын білдіруде»-депті  Қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысы Р. Давлетов.

whatsapp image 2020 02 03 at 09.26.53

«Сарайшық» базарының және сенбілік жәрмеңкенің жұмыс барысымен танысқан қала әкімі тұрғындардың сұранысын ескергерген.

– «Жәрмеңкені әр апта сайын ұйымдастыруды тапсырамын, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес азық-түлік нарығындағы бағаны реттеу бойынша барлық қажетті тетіктер бар, Ауылдық округтерде де тұрғындар бірінші тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасы орталық базар бағасымен деңгейлес болуы керек», депті қала әкімі Қайрат Оразбаев

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button