АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 39-ҒА ЖЕТТІ

Атырауда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді.

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 3-еуі «Стамбул-Атырау» рейсімен ұшып келгендермен бір бортта болған.

Бұл рейс 27 наурызда Атырау әуежайына қонған болатын. Сол күннен бері жолаушылардың барлығы карантиндік стационарға оқшауланды. Ал, 1958 жылы туған ер мен әйел, сондай-ақ, 1981 жылы туған ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды.

Науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды, олардың жағдайы қанағаттанарлық.

09.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 39 адам анықталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button