АТЫРАУДА

АТЫРАУДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәлімдеуінше, мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесу бағытында жедел-іздестіру іс-шаралары белсенді жүргізілуде.

Өткен жылы департамент осындай 8 фактіні анықтаған.

2020 жылдың қаңтар айында Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы мұнай өнімдерінің заңсыз айналымнан 186 тонна мұнай, 24 тонна МҚЖ, 200 мың тоннадан астам мұнай өнімдері (дизель отыны, бензин), 477 тонна сұйытылған газды тәркілеген.

Айта кетейік, мұнай-газ саласында заңсыз бизнеспен айналысатын азаматтардың кез келген әрекеттеріне қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі қатаң түрде тыйым салынады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button