АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БЛОКПОСТТАРҒА ЫСТЫҚ ТАҒАМ АПАРДЫ

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Ықыласты бауырлар» қайырымдылық орталығы елде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, Атыраудың қақпасын күзетіп тұрған полиция қызметкерлері мен әскерилерге ыстық тағам мен сусын апарып берді.

Бұл туралы орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда Атыраудың негізгі қақпаларында төрт блок пост орналасқан. Кіру-шығу бекеттерін 24 сағат бойы әскерилермен бірге, полиция қызметкерлері күзетуде.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұған дейін ел мұсылмандарын жақсылық жасауға, бірлесіп, дұға етуге үндеген болатын. Елордадан бастау алған «Қайырымдылық керуені»жобасы бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінен қолдау тауып жатыр. Сын сағатта әскерилер мен полиция қызметкерлеріне қолдау білдіру арқылы, бірге екенімізді көрсеткіміз келді», – дейді «Ықыласты бауырлар”»орталығының еріктілері.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау Қазақстандағы карантин жағдайындағы қалалардың бірі. Атырау облысының Бас санитарының бұйрығына сәйкес, қалаға кіру – шығуға, сонымен бірге, қала ішіндегі қозғалысқа шектеу қойылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button