АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ҚАТТЫ ЖЕЛДІҢ САЛДАРЫНАН ҚҰЛАҒАН ҮЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫ ЖӨНДЕЛЕДІ

Атырауда қатты желдің әсерінен Алмагүл ықшам ауданындағы үйдің сыртқы қабырғасы желге ұшқан болатын.

Осы мәселеге қатысты Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев фейсбук желісінде айтты.

«Бірнеше күн бұрын қаламызда қатты жел соғып, ықшам аудандағы көп қабатты үйлердің бір бөлігінің қасбеті желге ұшып кетті, бұл үйлердің мәселелері бұрыннан бар. Өз уақытында бұл үйлер сапасыз салынған. Зардап шеккен үйдің ПИК (кск) қызметі жөндеуі тиіс, бірақ олардың қаражаты жоқ. Әкімдік бюджет қаражатын жеке тұрғын үйге жұмсай алмайды. Тұрғындардың және жалпы қаламыздың пайдасына шешім қабылдау үшін біз демеушіні таптық, шығындардың көлемі көп емес сол себепті жұмысты кезең-кезеңмен ұйымдастырамыз», – дейді қала әкімі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button