АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ САҚТЫҚ ҮШІН НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен Атырау облысында коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі өңірлік штаб комиссиясының отырысы болып өтті.

 «Өздеріңізге мәлім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  коронавирусты ресми түрде пандемия деп жариялады. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов та бірқатар тапсырмалар бергенін білесіздер»,-деген аймақ басшысы мынадай нақты тапсырмалар берді.  

«1. 13-наурыздан бастап барлық көпшілік іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, мәдени-көпшілік, спорттық шаралар, кинотеатрларда көрсетілім, конференциялар, семинарлар мен көрмелер өткізу  тоқтатылсын;

2. Барлық қоғамдық орындарда, денсаулық сақтау, білім беру, халыққа қызмет көрсету орталықтары, халық көп жиналатын орындар, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, сауда үйлері, вокзал, әуежайлар, қонақүйлер күшейтілген санитарлық – дезинфекциялық режимге көшірілсін;

3. Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салынсын;

4. Қоғамдық көліктер тазаланып, дезинфекциялаудан өтсін;

5. Орта білім беру ұйымдарының каникулға 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 5 сәуір аралығында шығуын қамтамасыз етсін,                    16 наурыздан бастап колледж және жоғарғы оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстырылсын;

6. 1а, 1б, 2-3 санаттағы елдерде өтетін халықаралық спорттық, мәдени және туристтік  іс-шараларға баруға тыйым салынсын» – depti облыс әкімі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button