АТЫРАУДА

ӨНДІРІСТІК ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАНЫҢ КӨБІ ҚҰРЫЛЫС ПЕН МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДА ОРЫН АЛҒАН

«2019 жылдың қорытындысымен 35 өндірістік жазатайым оқиға орын алған.  Жазатайым оқиғаның салдарынан 5 жұмысшы қаза болып, 38 жұмысшы ауыр дене жарақатын алған. Олардың дені құрылыс пен мұнай-газ саласының қызметкерлері.»

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров мәлімдеді.

» 20 жазатайым оқиға 100% жұмыс берушінің кінәсінен, 8 жағдайдың басымдылығы жұмыс берушінің кінәсінен, 2 факті екі жақтың бірдей кінәсінен, ал  5 жазатайым оқиға тек жұмысшының кінәсінен орын алған.

Жұмыс берушілерімен бірлесіп 14 кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек қауіпсіздігі жөнінде семинар-кеңестер өткізілді.» деді басқарма басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button