АТЫРАУДА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ ӨТКЕН ЖЫЛЫ 571 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАҒАН

«Басқармаға 2019 жылы 1776 өтініш тіркеліп,оның 1708 қаралып, нәтижесінде 949 азаматтың еңбек қатынастары бойынша конституциялық құқықтары қорғалды.

Сондай-ақ, өтініш түскен бойда еңбек инспекторлары жедел түрде жұмысшылардың  құқықтарын қалпына келтіргендіктен 273 азамат өтініштерін  қайтарып алды.

   Еңбек жанжалдарын дереу шешу мақсатында еңбек инспекция басқармасы мен «Медиация дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасақталды.

   Еңбек инспекторларымен 502 тексеріс жүргізіліп, нәтижесімен 571 заң бұзушылықтар анықталды,» – depti Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров.

Заң бұзушылықтарды жою туралы жұмыс берушілерге 294 ұйғарым беріліп, 428 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оларға 104.1 млн. теңге айыппұл салынып, оның 83.7 млн. теңгесі мемлекет пайдасына өндірілген.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button