АТЫРАУДА

АТЫРАУДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДЕН ӨРТ ШЫҚТЫ

Бүгін А.Құнанбаев көшесіндегі бес қабатты жатақхананың үшінші қабатынан өрт шықты.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бастапқыда 314 пәтерден басталған.

«Сағат 16:54-те өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілердің арқасында 12 адам терезе арқылы сыртқа шығарылды. Оның бесеуі бала. Сондай-ақ, 37 адам баспалдақ арқылы қауіпсіз аймаққа көшірілді»- дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себептері анықталуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button