АТЫРАУДА

ҒАЛАМТОРДАҒЫ АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНБАУДЫҢ АМАЛЫ БАР МА?

Жыл басынан Атырауда ғаламтордағы алаяқтық  фактілер саны 115-ке жетіп,  екі айда  49,8 пайызды құрады. Криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Абай Жұмабаевтің сөзіне сүйенсек, атыраулық екі тұрғын 252 000 және 205 000 теңгені құрайтын автобөлшектерді алматылық азаматқа салып жіберіп, алаяқтың құрығына түсіп қалған. Ал ақтөбелік азамат inDriver қосымшасы арқылы таксистерді сан соқтырған. Бұдан бөлек ақшаны еселеп қайтарамын деген атыраулық азамат Орал қаласынан құрықталған. Бұл істер бойынша тергеу амалдары жүріп, қылмыстары дәлелденіп жатыр.

«Ғаламтордағы алаяқтардың құрбаны болмас үшін мына шарттарды орындау керек:  Интернет арқылы алатын тауарыңызды көзбен көру үшін, бейнеқоңырау шалыңыз; Тауарыңыз құнды әрі қымбат болса, мүмкіндігінше туыс-таныстарыңызды жіберіп, көз жеткізіңіз; Банк карталарыңыздың құпия кодын ешкімге айтпаңыз» – depti Абай Жұмабаев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button