АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІНЕН БІРҚАТАР СӘЙКЕССІЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

«Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» 2019 жылы өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің сапасына бақылау жүргізді.
Жүргізілген мониторингтің шеңберінде 320 жеңіл өнеркәсіп өнімі сатып алынды, зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша 221 сәйкес емес өнімдер анықталды, бұл сатып алынған өнімнің 69% құрады.
Сәйкес келмейтін өнімдердің барлығы таңбалау көрсеткіштері бойынша анықталды. Нақтырақ айтқанда, өнімдердің таңбасында орыс және мемлекеттік тілде ақпарат, өнім жасалатын елдің атауы, өндірушінің атауы және мекен-жайы, тағам өнімінің атауы, шикізаттың құрамы, дайындалу уақыты, Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі көрсетілмеген.
Осыған байланысты анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында 2019 жылы 88 ұйғарым беріліп, 3,8 кг жеңіл өнеркәсіп тауарлары саттықтан алынды.
Кеден одағының техникалық регламенті қолданылатын жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне:
– тоқыма материалдары;
– тігін және трикотаждан жасалған киімдер мен бұйымдар;
– жабындар және кілем бұйымдары;
– былғары галантерея, тоқыма-галантерея бұйымдары;
– киіз, фетр және тоқылмаған материалдар;
– аяқ киім;
– жүн терісі және оның бұйымдары;
– былғары және былғары бұйымдар;
– жасанды тері.
Жеңіл өнеркәсіп тауарларын (балаларға арналған тауарларды қоса алғанда) өткізу кезіндегі негізгі бұзушылықтары:
– өнімді толық анықтаудың мүмкін еместігі;
– таңбалауы кезіндегі қателіктер;
– сапа мен қауіпсіздікті растайтын құжаттардың болмауы;
– құжаттардың жалған көшірмелерін ұсыну болып табылады.
«Атырау облысы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті киім мен басқа да тоқыма бұйымдарын пайдалану кезіндегі күтім жасау ерекшеліктері жөнінде таңбаларға, нұсқаулықтарға, басқа да белгілерге назар аудару керек екенін естеріңізге салады.
Сонымен қатар, дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдерді көрген жағдайда, жазбаша түрде Атырау облысы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне (Атырау қаласы, Гурьевская көшесі, 7а) немесе оның аумақтық басқармаларына жүгіне аласыз», – depti мамандар.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button