АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ БАҒЫНБАДЫ (ВИДЕО)

Атырауда 20 тонналық жүк автокөліктерінің жүруіне тиым салынған жолмен жүріп, жол жүру ережесін бұзған КАМАЗ көлігінің жүргізушісі анықталды.

Ақпанның 15 күні сағат 11. 35 шамасында қаладағы Крупская көшесі бойында «20 тонналы жүк автокөліктерінің жүруіне тиым салынған» жол белгісі тәртібін бұзған КАМАЗ көлігінің жүргізушісі анықталды. Патрульдік полиция экипажының заңды талаптарына бағынбаған жүргізуші қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Болған оқиғаны КАМАЗ көліктерінің бірінің жүргізушісі бейнетаспаға түсіріп алған.

Жазбада көлікті тоқтатпақ болған полиция қызметкерінен құтылмақшы болған ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жауапкершіліктен құтылмақшы болыпты. Алайда, патрульдік ПБ-нің инспекторлары полиция лейтенанты Қ.Абдолов пен полиция лейтенанты Е.Салықбаев жүргізушіні қалалық полиция басқармасына жеткізді.

«Тексеру барысында бұл азаматтың бұдан бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Сонымен қатар, оның сақтандыру полисі де жоқ болып шықты. 1984 жылғы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 667, 612 және 230 баптарымен әкімшілік хаттамалар толтырылды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button