АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ БОЙЖЕТКЕН ЭКСТРЕМИСТІК ЖАЗБА ЖАРИЯЛАҒАН

Атырау қаласының тұрғыны «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ел аумағында тиым салынған Ділмұрат Абу Мухаммад, Октам Зауырбеков, Назратулла Абу Марьям, Ибрахим Башпаевтың аудио жазбаларын таратқан.

«Сот отырысында азаматша әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындап, «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында тиым салынған аудио жазбаларын жүктеп, өз парақшасына орналастырғанын, БАҚ өнiмiнің дiни араздықты қоздыруды насихаттауға бағытталғанын, оның таратуға болмайтынын білмегенін, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті», – деді Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен оған 37114 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолданылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button