ҚазақстандаСАРАПТАМА

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖАҢА ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА

Қазақстанда «Котёл, или Чёрная касса» ойыны жаппай таратылып жатыр.

Ойынның мәні – «14,300 теңге инвестиция салыңыз және өзіңіз секілді екі адамды ойынға шақырыңыз. Сіз инвестиция салушыларды неғұрлым көбейтсеңіз, соғұрлым пирамиданың жоғарғы шыңына жетесіз. Ойын соңында 114 000 теңге аласыз».

FINANCE.kz ескертеді! Бұл – әдеттегі Ponzi схемасы. Ол кейінгі тіркелушілерден алынған қаражат есебінен алғашқы тіркелушілерге кірістер береді. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл – қаржылық пирамида.

Бұл схема бастапқы сатыларда жақсы табыс беруі мүмкін. Жаңа ойыншылар тіркелуді тоқтатқаннан кейін кіріс таусылады.

Өзіңіздің, жақын адамдарыңыздың оңай табыс табу жолында алданып қалуына мүмкіндік бермеңіз!

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button